Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

1 қазаннан бастап WhatsApp бизнеске жаңа талап енгізбек

1 қазаннан бастап WhatsApp бизнеске арналған хабарламаларға қатысты тарифтік саясатты өзгертеді деген ақпарат тарады. Өзгеріс қарапайым қолданушыларға емес, WhatsApp Business Platform арқылы клиенттерге жаппай немесе автоматты хабарламалар жіберетін компанияларға қатысты, деп хабарлайды Newsroom.kz.

1 қазаннан бастап WhatsApp бизнеске жаңа талап енгізбек
Фото: Ашық деректер көзі

Meta бұған дейін WhatsApp-та бизнес хабарламаларына арналған ақылы құралдар енгізілетінін хабарлаған. Компания бизнеске арналған кейбір хабарламаларды ақылы форматқа көшіріп, қажетсіз жаппай хабарламалардың санын шектеуді көздейтінін айтқан. 

Тараған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда бір хабарламаның құны шамамен 0,018 доллар немесе 8 теңге болуы мүмкін. Сондай-ақ әр бизнес-нөмірге ай сайын 1000 тегін хабарлама қарастырылатыны айтылған. Алайда бұл тарифтерді Қазақстан бойынша Meta-ның ашық ресми дереккөзінен әзірге растау мүмкін болмады.

Жаңа талаптар WhatsApp Business Platform, API-интеграция, CRM жүйелері мен чат-боттарды пайдаланатын кәсіпкерлерге әсер етуі мүмкін.

Ал қарапайым WhatsApp қолданушылары үшін достарына, туыстарына немесе жеке чаттарға хабарлама жіберу ақылы болмайды. Meta жеке хабарламалар мен қоңыраулардың тегін қалатынын бұған дейін де мәлімдеген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→