Арнайы операцияға Қазақстан, Украина, Албания құқық қорғау органдары, Интерпол және АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасы қатысты.
Қылмыстық топ адамдарды жоғары жалақы ұсынатын жұмысқа шақыру арқылы есірткі желісіне тартқан. Олардың арасында call-орталық операторлары, курьерлер, логистер және қойма қызметкерлері болған.
Украинада жүргізілген тінту барысында 31 есірткі дүкені анықталып, жүздеген адамның қылмыстық схемаға тартылғаны белгілі болған. Қазақстан мен Украина аумағында ондаған тінту жүргізіліп, желінің белсенді мүшелері ұсталды.
Тергеу барысында қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен басқа да қатысушылары анықталып жатыр.