weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әнші Тамара Асар самаурын жасайтын зауыт ашпақ

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында жұбайы екеуі қазақы стилдегі самаурын шығаруды қолға алғалы жатқанын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші Тамара Асар  самаурын жасайтын зауыт ашпақ
Ашық дереккөзден

"Бұрыннан самаурын шығаруды армандайтын едім. Жолдасым – өндіріс саласының адамы, темір-терсекпен айналысады. Бір күні ол өз зауытында самаурын жасау туралы идеясын ұсынды. Алдағы қазан айында алғашқы өнімдер дайын болады. Біз оларды барынша қазақы үлгіде жасағымыз келеді. Бұл – қол еңбегін талап ететін, ұсақ-түйегі көп дүние" – дейді әнші.

Тамара Асар шай ішу дәстүрінің қазақ қоғамындағы маңызын да атап өтті. Оның айтуынша, бұрын қазақтар психологқа бармаған, керісінше, дастархан басында шай ішіп отырып, жан сырын бөліскен.

"Ренжіскен адаммен қант қосып шай ішкен соң, ағзада қуаныш гормондары бөлініп, көңіл тынышталады, кешірімге келеді. Қазақтар бұл процестің ғылыми атауын білмегенімен, оның мәнін жақсы түсінген" – дейді әнші.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→