Оқиға дәретханада болған. Әйелдердің бірі көрші кабинаның үстінен сығалап тұрған ер адамды байқап, көмекке шақырған. Алайда ол кабинадан бірден шықпай, есікті ішінен жауып алған.
Әйелдердің даусын естіген басқа келушілер де жиналып, ер адамнан сыртқа шығуын талап еткен. Кейін күзет қызметкері шақырылып, ол ер адамды кабинадан алып шыққан.
Куәгерлердің мәліметінше, ер адамның телефонынан дәретханада түсірілген фотосуреттерді көргендер болған. Ал оның өзі тағылған айыптарды мойындағаны хабарланды.
Атырау облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді. Оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылған.
Оқиғаның өзге мән-жайлары әзірге белгісіз.