Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 112 жедел қызметіне түнгі сағат 03:44-те түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақырту түскеннен кейін төрт минут ішінде оқиға орнына жеткен. Алайда құтқарушылар келген кезде тұрғын үйді жалын толық шарпыған.
Өртті сөндіру жұмыстары таңғы сағат 04:42-де аяқталды. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің шамамен 35 маманы мен тоғыз арнайы техника жұмылдырылған.
Өрт толық сөндірілгеннен кейін үй ішінен бес адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта мамандар қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.