Астанада адвокат мемлекеттік органдардағы байланысын алға тартып, өз қорғауындағы әйелден ірі көлемде ақша алмақ болғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлады.
Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған әйелге қорғаушысы бұлтартпау шарасын жеңілдетіп, қамауда ұстауды үйқамаққа ауыстыру мәселесін «шешіп беремін» деп уәде етіп, 7 млн теңге сұраған.
Алайда жәбірленуші заңсыз мәмілеге келіспей, құқық қорғау органдарына жүгінген. Оперативтік іс-шаралар нәтижесінде адвокат ақша алған сәтінде ұсталды.
Сот оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын және 6 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айыруды тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Столица прокуратурасы тергеу барысына заңсыз ықпал ету әрекеттері қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертіп, мұндай деректер туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.