weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 20:19 / Жасмина Нурлан / Білім
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Esil University мемлекеттік қызметтер саласына маман даярлау бағдарламасына қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жоғары оқу орындарымен кадр даярлау бағытындағы әріптестігін кеңейтуде. Осы мақсатта Мемлекеттік корпорация мен Esil University арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Енді «Мемлекеттік қызметтерді басқару» білім беру бағдарламасы екінші университетте жүзеге асырылады.

Esil University мемлекеттік қызметтер саласына маман даярлау бағдарламасына қосылды

Жаңа әріптестік білім беру мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік береді. Оқу барысында студенттерге университет оқытушыларымен қатар Мемлекеттік корпорацияның тәжірибелі мамандары да дәріс оқиды. Бұдан бөлек, білім алушылар өндірістік тәжірибеден өтіп, мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерімен тікелей танысады.

Бағдарлама мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің негізгі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандыру, жылжымайтын мүлікті тіркеу және техникалық тексеру, жер кадастры, заңды тұлғалар мен азаматтық хал актілерін тіркеу, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік басқарудың басқа да салалары бойынша білім беріледі.

Мамандарды даярлау бірнеше білім деңгейі бойынша жүргізіледі. Бакалавриатта оқу мерзімі – төрт жыл. Колледж түлектері үшін екі жылдық жеделдетілген бағдарлама қарастырылған. Ал бакалавр дәрежесін алған студенттер бір жылдық магистратурада білімін жалғастыра алады.

Айта кетейік, «Мемлекеттік қызметтерді басқару» бағдарламасы бұған дейін М.Х. Дулати атындағы университетпен бірлесіп іске қосылған болатын. Esil University-дің қосылуы бұл бастаманың ауқымын кеңейтіп, мемлекеттік қызметтер саласына қажетті білікті әрі тәжірибелі мамандар даярлауға жаңа мүмкіндік береді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер