Жаңа редакцияда жұмыс уақыты режимі нақты реттелген. Күнделікті жұмыс ұзақтығы 8 сағатқа дейін белгіленеді, ал апталық жұмыс уақыты 40 сағаттан аспауға тиіс.
І және ІІ топтағы мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді. Жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналардың біріне, сондай-ақ науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтын қызметшілерге толық емес жұмыс уақыты қарастырылады.