Комиссия мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі бағыттарын айқындап, алдағы реформалар жоспарын әзірлеуге ұсыныстар дайындайды.
Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия жүйені жетілдірудің жаңа тәсілдерін қалыптастырып, осы бағыттағы жүйелі ұсыныстарды қарастырады.
Комиссия төрағасы болып Президент Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр тағайындалды. Ал төрағаның орынбасары қызметіне Президенттің кеңесшісі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ирғалиев бекітілді.
Комиссия құрамына Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, өңір әкімдері, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері енді. Жалпы құрамда 21 адам бар.
Комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі белгіленді. Сонымен қатар отырыстарға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Комиссия жұмысының негізгі нәтижесі Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу болмақ.