weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда жылу маусымына дайындық 97%-ды құрады

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымын ауа райына қарай 1 қазанға дейін бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Қазақстанда жылу маусымына дайындық 97%-ды құрады
Фото: Ашық деректер көзі

«14 қыркүйектен бастап Павлодар облысында жылыту маусымы басталды. Бұл жұмыстарды Солтүстік және шығыс өңірлерде ауа райының көрсеткіштеріне қарай 1 қазанға дейін бастау күтілуде», — деді министр.

Оның айтуынша, энергия көздерінде жылыту маусымын бастауға қажетті отын қоры қалыптастырылған. Қоймаларда 4,9 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазут бар. Сонымен қатар төрт энергия блогы, 30 қазандық және 19 турбина бойынша жөндеу жұмыстары аяқталған. 17 мың шақырым электр беру желілерін жөндеу толық орындалды.

Жоспарланған 377 шақырым жылу желісінің 366 шақырымы дайын, бұл — 97%. Тоғыз қосалқы станциядағы жұмыстар аяқталу сатысында.

Бірқатар өңірдегі жағдай Үкімет пен Энергетика министрлігінің ерекше бақылауында. Сәтбаевта жылу магистралін жаңғырту толық аяқталып, қазір желіні тазалау және қысыммен сынау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Петропавлдағы жылу магистральдарының дайындығы 95%-ды құрайды. Қалған жұмыстарды осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланған. Степногорскіде жылу желісінің дайындық деңгейі 76%, реконструкцияны 25 қыркүйекке дейін аяқтау көзделген.

Семейде үш жоба бойынша жұмыстардың орындалу деңгейі 70%-ға жетті. Алайда сутартқыш құрылғылары мен жылу алмастырғыштарды жеткізу 26 қыркүйекке жоспарланған. Осыған байланысты өңір әкімдігіне жабдықтарды жеткізуді жеделдету тапсырылды.

Энергетика министрлігі өңірлердегі жөндеу жұмыстарының барысын күнделікті бақылауды жалғастырады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→