weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қай өңірлерде жел күшейеді?

17 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық облыстарда жаңбыр, найзағай, нөсер мен бұршақ жауып, жел күшейеді. Ал оңтүстікте аптап ыстық сақталады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қай өңірлерде жел күшейеді?
Фото: жасанды интеллект

«Қазгидромет» 17 тамызға Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 25–28 метрге дейін жетеді.

Батыс және солтүстік өңірлердің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Сонымен қатар бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Оңтүстікте ыстық ауа райы жалғасады. Алматы облысы мен Жетісуда ауа температурасы +36°С-қа дейін көтерілсе, Маңғыстаудың оңтүстігінде +38°С-қа дейін жетеді. Кей жерлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.

Алматыда күндіз ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі. Іле Алатауының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Астанада жауын-шашын болжанбайды. Дегенмен жел күшейіп, оның екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→