weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Арман Қырықбаев жастармен ел дамуының жаңа басымдықтарын талқылады

Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев шығармашыл жастар және креативті индустрия өкілдерімен кездесіп, Президент Жолдауында белгіленген міндеттер мен жастар саясатының негізгі бағыттарын талқылады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Арман Қырықбаев жастармен ел дамуының жаңа басымдықтарын талқылады
Фото: мәдениет және ақпарат министрлігі

Кездесуге жас кәсіпкерлер, дизайнерлер, музыканттар, режиссерлер, продюсерлер, блогерлер, журналистер, ғалымдар мен спортшылар қатысты. Сонымен қатар жиынға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, студенттер мен жастар ұйымдарының өкілдері жиналды.

Арман Қырықбаев Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттерге тоқталып, жастардың елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосатын үлесі маңызды екенін атап өтті.

Министрдің айтуынша, мемлекет жастардың білім алуына, кәсіби тұрғыда қалыптасуына және өз жобаларын жүзеге асыруына жағдай жасауға басымдық беріп келеді. Бұл ретте цифрландыру, жасанды интеллект және креативті индустрияларды дамыту жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Кездесу барысында жастарды қолдаудың мемлекеттік тетіктері де сөз болды. Соның бірі – «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты. Бағдарлама аясында жыл сайын 30 жасқа 3 миллион теңгеден қаржылай қолдау көрсетіледі.

Сондай-ақ министр кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесіне назар аударып, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны туралы айтты. Жоба 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүзеге асырылып келеді.

Жиында креативті экономиканың әлеуеті де талқыланды. Қазіргі таңда еліміздің 20 өңірінде жас таланттардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға және отандық жобаларды ілгерілетуге бағытталған креативті хабтар жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, ұлттық мәдениетті қолдау, отандық авторларды насихаттау, қоғамдық құндылықтарды нығайту мәселелері қозғалды. Қатысушылар «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарының қоғам өміріндегі маңызы жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында жастар өз ұсыныстарын ортаға салып, министрге сұрақтар қойды. Олар Президент бастамаларын іске асыруға атсалысып, елдегі оң өзгерістерге үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер