weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 14:00 / Шұғыла Амангелді / ЗжТ
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда 9,8 млрд теңгелік қаржы айналымына қатысы бар топ анықталды

Қазақстанда онлайн-казиноларға қаржылық қызмет көрсету үшін бірнеше елді қамтыған дропперлер желісін ұйымдастырған екі қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. аржылық мониторинг агенттігінің мәліметініне сілтеме жасап , Newsroom.kz хабарлайды .

Қазақстанда 9,8 млрд теңгелік қаржы айналымына қатысы бар топ анықталды
Фото: Ашық деректер көзі

Тергеу барысында делдалдардың Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарының банк шоттарын пайдаланып, арнайы «дроп-фермалар» ұйымдастырғаны анықталды.

Қазақстанға келген шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) беріліп, олардың атына SIM-карталар мен банк шоттары ашылған. Кейін банк қосымшаларына қолжетімділігі бар телефондар ақша айналымын басқаратын адамдарға тапсырылған.

Қаражат қозғалысын ұйымдастыру үшін ойыншылардан төлем қабылдауға, оларды автоматты түрде сәйкестендіруге және ұтыстарды төлеуге мүмкіндік беретін P2P платформасы қолданылған. Қылмыстық топ мүшелері өзара есеп айырысуда криптовалютаны да пайдаланған.

Түркістан облысы мен Алматы қаласында жүргізілген іс-шаралар барысында Қазақстан банктерінің 89 картасын пайдаланғаны анықталды. Өзбекстанның үш азаматы ұсталып, банк шоттарын басқаруға арналған 20 телефон тәркіленді. Аталған карталар арқылы өткен ақша көлемі 500 миллион теңгеге жеткен.

Жамбыл облысында да бірнеше мемлекетте әрекет еткен тағы бір қылмыстық топтың жолы кесілді. Тергеу деректеріне сәйкес, оның мүшелері Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтарын, соның ішінде кәмелетке толмағандарды тартып, Тараз бен Алматыда өзге адамдардың банк шоттары арқылы ақша айналымын жүргізген.

Тінту кезінде 180 банк картасы, 15 телефон, 50 мың АҚШ доллары, 27 мың USDT, төрт автокөлік, қару-жарақ, оқ-дәрілер және 26 SIM-карта тәркіленді. Бұл топ пайдаланған банк карталарына түскен қаражаттың жалпы көлемі 9,8 миллиард теңгеден асқан.

Сот бес күдіктіні қамауға алуға санкция берді.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер