weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Семейдегі жылу мәселесі: әкім орынбасары жауапқа тартылады

Қазақстанда жылыту маусымы жоспарға сай басталды. Бүгінде 11 өңірде жылу беру іске қосылды. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Семейдегі жылу мәселесі: әкім орынбасары жауапқа тартылады
Фото: Ашық деректер көзі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, бір өңірден басқа барлық облыс жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтаған.

Ал Семей қаласында жылу желілерін дайындау жұмыстары уақытылы аяқталмаған. Осыған байланысты Абай облысы әкімінің жылу-энергетика саласына жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр.

Премьер-министр өңірлердегі жылумен қамту нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді және жылыту маусымының өту барысын бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, жылыту маусымына дайындық кезінде негізгі назар жылу желілері мен қазандықтардың техникалық жағдайына, сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуге аударылады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер