Полицияның мәліметінше, көлік көптеген орындалмаған әкімшілік айыппұлға байланысты арнайы тұраққа қойылған. Бірнеше сағаттан кейін көлік иесі құжаттарын алуға келген. Алайда ол көлікке отырып, тұрақ аумағынан өз бетімен шығып кеткен.
Полиция көлікті іздеп, оны Райымбек даңғылы мен Кудерин көшесінің маңынан тауып, бұғаттады. Кейін автомобиль қайтадан арнайы айыптұраққа жеткізілді.
Жүргізушіге қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар айыптұрақтан өз бетінше шығып кеткені бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Полиция көліктің арнайы тұрақта болуы формальды шара емес екенін еске салды. Көлікті тұрақтан рұқсатсыз алып кету құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады.