weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қыркүйек, 2026 / Шұғыла Амангелді / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан мен Түркия жүк тасымалы бойынша жаңа келісімге келді

Қазақстандық автотасымалдаушыларға Түркияның теңіз порттарынан жүк тиеп, оны Қазақстанға жеткізуге мүмкіндік берілмек. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Қазақстан мен Түркия жүк тасымалы бойынша жаңа келісімге келді
Фото: Ашық дерек көзі

Тиісті уағдаластық Қазақстан мен Түркия арасындағы автомобиль көлігі жөніндегі аралас комиссияның отырысында жасалды. Кездесу Түркияның Анталья қаласында өтті.

Тараптар халықаралық автомобиль тасымалдары мен транзитті дамытуға қатысты бірқатар келісімге келген. Соның бірі – қазақстандық тасымалдаушыларға Түркияның теңіз порттарынан Қазақстанға кейіннен жеткізу үшін жүктерді тиеуге рұқсат беру.

Сонымен қатар тараптар электрондық рұқсаттарға сандық шектеу қоймау туралы келісті. Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл тасымалдарды икемді ұйымдастыруға және тасымалдаушылардың қажеттілігіне жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

2026 жылдан бастап осындай транзиттік жүктерді тасымалдау үшін Қазақстан мен Түркия жыл сайын 3 мыңнан рұқсат бланкісімен өзара алмасады.

Министрлік бұл келісімдер екі ел арасындағы халықаралық және транзиттік автотасымалдарды дамытуға, сондай-ақ сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан 2026 жылға халықаралық автотасымалдар бойынша 40 мемлекетпен шамамен 150 мың рұқсат бланкісін алмасу жөнінде алдын ала квота келіскен.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→