Оқиға 3 қыркүйек күні сағат 17:18 шамасында болған. Қоқыс таситын көліктің ішінде жиналған қоқыс тұтанған.
Жүргізуші жалынды дер кезінде байқап, өрттің көлікке таралу қаупін азайту үшін жанып жатқан қоқысты тікелей жолға түсірген.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің аумағы 15 шаршы метрді құраған. Сағат 17:42-де Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері қызыл жалынды толық сөндірді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.