weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Салықты енді жүйе өзі есептейді: Smart Data Finance қалай жұмыс істейді?

 Мемлекет басшысының Жолдауларын жүзеге асыру аясында Үкімет мемлекеттік қаржы, инфрақұрылым, инвестиция, цифрландыру және әлеуметтік саясат бағыттарында бірқатар жұмысты іске асырып жатыр. Жалпыұлттық жоспарларда 180 іс-шара қарастырылған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Салықты енді жүйе өзі есептейді: Smart Data Finance қалай жұмыс істейді?
Фото: Үкімет

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Құжат аясында салықтар саны 20%-ға қысқартылып, салықтық жеңілдіктер жүйесі қайта қаралды.

Салық салу жүйесін жеңілдетумен қатар, салықтық әкімшілендіруді цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта Smart Data Finance ақпараттық жүйесі қолданылады.

Жүйе мемлекеттік органдардағы деректерді пайдалана отырып, салық төлеушілердің міндеттемелерін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді. Бұл салық есептілігін дайындауды жеңілдетіп, кәсіпкерлер мен азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған.

Үкіметтің мәліметінше, жаңа тәсілдің нәтижесінде салық есептілігінің көлемі 30%-ға қысқарады. Сонымен қатар салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыру және көлеңкелі экономиканы азайту көзделіп отыр.

Жаңа Салық кодексі инвестицияларды ынталандыруға, экономикалық белсенділікті арттыруға және табысы жоғары азаматтарға түсетін салық жүктемесін қайта қарауға бағытталған.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→