weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның жүргізуші куәлігі қай елдерде жарамды?

Қазақстандық жүргізуші куәлігі бірқатар шетелде көлік басқаруға мүмкіндік береді. Бұған Қазақстанның 1968 жылғы Жол қозғалысы туралы Вена конвенциясына қатысуы негіз болып отыр. Қазақстанның ұлттық жүргізуші куәліктері осы конвенция талаптарына сәйкес келеді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

 

Қазақстанның жүргізуші куәлігі қай елдерде жарамды?
Фото: Әлеуметтік желіден

Қазақстандық жүргізуші куәлігі танылатын елдердің қатарында Түркия, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, БАӘ, Таиланд, Оңтүстік Корея, Жапония, Германия, Франция, Италия, Испания, Польша, Швейцария, Чехия және басқа да мемлекеттер бар.

Еуропада қазақстандық куәліктерді Австрия, Албания, Беларусь, Бельгия, Болгария, Германия, Грекия, Дания, Италия, Испания, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция және басқа елдер таниды.

Азияда Қазақстан азаматтары Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, Индонезия, Иран, Израиль, Моңғолия, Пәкістан, БАӘ және басқа елдерде көлік жүргізе алады.

Америка құрлығында қазақстандық жүргізуші куәліктері Бразилия, Мексика, Перу, Чили, Уругвай, Куба және басқа мемлекеттерде танылады.

Айта кетейік, куәліктің танылуы мен автокөлікті жалға алу талаптары бір нәрсе емес. Кейбір елдерде немесе автокөлік жалдау компанияларында халықаралық жүргізуші куәлігі сұралуы мүмкін. Мысалы, Жапония мен Мысыр бойынша мұндай талаптарға назар аудару қажет.

Сонымен қатар Қазақстанда халықаралық жүргізуші куәлігін беру мәселесі бөлек реттеледі. ІІМ мәліметінше, Қазақстан аумағында жеке компаниялар ұсынатын «халықаралық права» мемлекеттік құжат болып саналмайды.

Сондықтан шетелге көлікпен баруды немесе автокөлік жалға алуды жоспарлаған жүргізушілер сапар алдында нақты елдің жол қозғалысы талаптары мен жалға беру компаниясының шарттарын тексергені жөн.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→