weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жүргізуші куәлігіне емтихан: енді шексіз тапсыруға болады

Қазақстандықтарға жүргізуші куәлігіне емтиханды қалағанынша қайта тапсыруға рұқсат беріледі, бірақ белгілі бір талаптар сақталуы тиіс. 

Жүргізуші куәлігіне емтихан: енді шексіз тапсыруға болады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелеріне өзгерістер енгізілуде. Жаңа тәртіпке сәйкес, емтиханды тапсыру санына шектеу қойылмайды. Дегенмен, әрбір қайта тапсыру арасында кемінде 10 күн үзіліс болуы қажет.

Сонымен қатар, емтиханның әділ өтуіне бақылау күшейтіледі. Микроқұлаққап, жасырын камера сияқты тыйым салынған құрылғыларды пайдаланған азаматтар 1 жылға дейін қайта тапсыру мүмкіндігінен айырылады.

Қазіргі уақытта үміткерлерге емтиханды 3 рет тегін тапсыру мүмкіндігі қарастырылған. Егер алғашқы екі әрекет сәтсіз болса, үшінші рет тапсыруға тек 30 күннен кейін ғана рұқсат беріледі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→