weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 11:25 / Admin / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызылордада 9 мыңға жуық жүргізуші камераға түсті

Қызылорда облысында жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзған 9 мыңға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған немесе ұялы телефон пайдаланған. Құқық бұзушылықтар Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталған, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.

Қызылордада 9 мыңға жуық жүргізуші камераға түсті

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері камералар арқылы жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін бұзған мыңдаған фактісі тіркелген.

Атап айтқанда, 6 мыңнан астам жүргізуші көлік басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, ал 3 мыңға жуық жүргізуші рөлде отырып ұялы телефон пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұл екі әрекет күнделікті жол қозғалысында жиі кездескенімен, олардың салдары елеулі болуы мүмкін. Қауіпсіздік белдігін тақпау жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші мен жолаушының жарақат алу қаупін арттырса, көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдау жүргізушінің жол жағдайын дер кезінде бағалауына кедергі келтіреді.

Бейнебақылау арқылы жолдағы тәртіпті бақылау және заң бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр.

Полиция жүргізушілерге көлік басқарған кезде қауіпсіздік белдігін тағуды және ұялы телефон қолданбауды ескертеді. Себебі мұндай әрекеттер жолдағы қауіпсіздікке әсер етіп, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін.

Қызылорда облысының Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыратынын хабарлады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→