Әлеуметтік желіде «Іле-Балқаш» резерваты аумағында түсірілген түнгі аңшылық сәтінің видеосы тарады. Кадрларда жолбарыстың жабайы қабанды аңдып, оған шабуыл жасағаны көрінеді. Алайда қабан жыртқышқа қарсы тұрып, оны қуып жіберген.
Желі қолданушылары видеодағы жолбарысты жақында ғана табиғатқа жіберілген Үміт атты Амур жолбарысы деп болжап жатыр. Алайда Экология министрлігі видеоның нақты қай жерде түсірілгенін және кадрдағы жолбарыстың Үміт екенін әзірге тексеріп жатыр.
Алдыңғы материалымызда Үміт жолбарысының адамға қауіп төндірмейтіні туралы мамандардың пікірін жариялаған болатынбыз.