weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 12:28 / Admin / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Екібастұзда ағайынды екі азамат есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Павлодар облысының Екібастұз қаласында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхананың қызметі тоқтатылды. Оқиғаға қатысты екі ағайынды ұсталып, олардан ірі көлемде есірткі және зертханалық жабдықтар тәркіленді. Деп хабарлайды Newsroom.kz
 

Екібастұзда ағайынды екі азамат есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді
Фото: Ашық дереккөздер

Екібастұз қаласында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын зертхананы анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, зертхана қаладағы гараждардың бірінде ұйымдастырылған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен екі ағайынды ұсталды. Тінту кезінде құқық қорғау органдары 10 келіден астам «альфа-PVP» синтетикалық есірткісін тапқан. Сонымен қатар 860 литрге жуық түрлі химиялық сұйықтық, есірткі дайындауға пайдаланылған зертханалық құрал-жабдықтар және өзге де заттар тәркіленді.

Тергеу барысында зертхананың жұмысын қашықтан куратор басқарғаны белгілі болды. Ол күдіктілермен Signal мессенджері арқылы байланысып, олардың әрекетін үйлестіріп отырған.

Қазіргі уақытта ұсталған екі азамат қамауға алынды. Оларға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары зертхананың ұйымдастырылуына және есірткі айналымына қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауда.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→