«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында үш жыл ішінде 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 2024 жылы – 105, 2025 жылы 112 мектеп салынды.
Жаңа білім беру нысандарының іске қосылуы нәтижесінде 54 үш ауысымды және 12 апатты мектеп мәселесі толық шешілді. Сонымен қатар 100-ден астам мектептегі орын тапшылығы азайды.
Ауылдық жерлерде 84 жаңа мектеп бой көтеріп, 130 мыңнан астам ауыл баласына заманауи білім беру ортасы жасалды.
Жаңа мектептер бұрынғы типтік нысандармен салыстырғанда 15–20%-ға кең. Олардың техникалық жабдықталу деңгейі 4 еседен астам жоғары. Білім беру нысандары заманауи зертханалармен, STEM және робототехника кабинеттерімен, компьютерлік сыныптармен, шеберханалар және шығармашылық студиялармен жабдықталған.