Оның айтуынша, Вашингтонның мақсаты – Иранды барынша оқшаулап, елге жасалатын экономикалық қысымды күшейту.
«Иран Ислам Республикасына келісімге келуге менен артық ешкім мүмкіндік берген жоқ. Сондықтан бүгін кез келген елге қарсы бұрын-соңды жүргізілген ең қатаң экономикалық операцияны жариялаймын. Бұл – бұрын-соңды болмаған ауқымдағы экономикалық соғыс пен оқшаулау», – деді Трамп.
АҚШ президентінің сөзінше, жаңа шаралар Иранға экономикалық тұрғыдан қолдау көрсететін үшінші елдерге де әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда, мұнай тасымалына, қаржылық операцияларға, қолма-қол ақша аударымдарына немесе делдал компаниялар арқылы жасалатын мәмілелерге қатысатын мемлекеттер мен ұйымдарға қысым күшеюі ықтимал.
Вашингтон осылайша Иранның халықаралық қаржы жүйесіне қолжетімділігін шектеп, мұнай экспорты мен басқа да негізгі экономикалық бағыттарға қысым жасауды көздеп отыр.