Жексенбі күні портта Suezmax санатындағы танкерге Қазақстанның KEBCO маркалы мұнайы тиеле бастаған. Танкер дүйсенбі күні порттан шығуы жоспарланған. Сонымен қатар сейсенбіде тағы бір танкерге 80 мың тонна KEBCO мұнайын тиеу көзделген.
Новороссийск порты тәулігіне шамамен 700 мың баррель мұнай өңдеуге және тиеуге мүмкіндік береді. Мұнда Ресейдің Urals және Siberian Light маркаларымен қатар, Қазақстанның KEBCO мұнайы да экспортқа шығарылады. Мұнай тиеу порттың негізгі экспорттық нысаны саналатын Шесхарис терминалында жүзеге асырылады.
Дрон шабуылы жасалуы мүмкін деген қауіптен кейін мұнай тиеуге жоспарланған танкерлердің бірі жұма күні таңертең ашық теңізге шыққан. Шабуыл әрекетінен соң портта мұнай тиеу уақытша тоқтатылып, терминалға жаңа мұнай қабылдау да шектелген. Бұны сақтау қоймаларындағы резервуарлардың толық болуы себеп болған. Соңғы айларда Ресейдің энергетикалық нысандарына Украина тарапынан жасалған дрон шабуылдары жиілеген.
Новороссийск порты, оның ішінде Шесхарис және Каспий құбыр консорциумы (CPC) терминалдары Қазақстан үшін де маңызды. Себебі теңізге тікелей шығатын жолы жоқ Қазақстан KEBCO және CPC Blend мұнайын әлемдік нарыққа экспорттау кезінде Ресейдің инфрақұрылымына тәуелді.