weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 11:49 / Admin / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда AI+X моделіне негізделген жаңа зерттеу университеті құрылады

Қазақстанда жасанды интеллект саласына мамандар даярлайтын жаңа зерттеу университеті іске қосылады. Qazaq AI Research University Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылып, оған AI-Enabled University ерекше мәртебесі беріледі, деп хабарлайды Newsroom.kz

Қазақстанда AI+X моделіне негізделген жаңа зерттеу университеті құрылады
Фото: Aqorda

Бұл туралы Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

Жаңа университеттің негізгі ерекшелігі – AI+X моделі. Яғни студенттер тек жасанды интеллект технологияларын меңгеріп қана қоймай, оны өздерінің кәсіби бағыты бойынша қолдануды үйренеді. Мәселен, әртүрлі мамандықтарда білім алатын жастардың оқу бағдарламасына AI құралдарын пайдалану да енгізіледі.

"Qazaq AI Research University – жасанды интеллект саласындағы мамандандырылған зерттеу университеті. Университет AI+X моделі бойынша жұмыс істейді. Бұл тәсіл әртүрлі кәсіби бағыттарда мамандар даярлауды және жасанды интеллектті сол салаларда тиімді қолдануды көздейді", – деді Ростислав Коняшкин.

Университет халықаралық байланыстарды да күшейтуді жоспарлап отыр. Қазір Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері және Финляндияның жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен әріптестік орнатылған.

Сонымен қатар университет базасында халықаралық деңгейдегі AI оқыту платформасын құру жоспарланып отыр. Бұл жоба жасанды интеллект бойынша білім мен тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндік бермек.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→