weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 13:07 / Admin / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атырауда қысқа дайындық қалай жүруде?

Атырау облысында алдағы 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бүгінде өңірдегі әлеуметтік нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым нысандары қысқы кезеңге әзірленіп жатыр. Бұл туралы Newsroom.kz редакциясының сауалына Атырау облысының әкімдігі жауап берді.

Атырауда қысқа дайындық қалай жүруде?

Әкімдік ұсынған ақпаратқа сәйкес, жылыту маусымына 392 білім беру ұйымы, 154 денсаулық сақтау мекемесі және 1 784 көпқабатты тұрғын үй дайындалуда.

Жоспар аясында облыста инженерлік желілерді жөндеу және жаңғырту жұмыстары да қолға алынған. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 17,7 шақырым жылу желісін жөндеу көзделген. Оның 12,2 шақырымы «АтырауЖылуЖүйелері» ЖШС-не, 5,5 шақырымы Атырау қаласының әкімдігіне тиесілі. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 16 шақырымы немесе 90 пайызы орындалған.

Сонымен қатар ұзындығы 8,8 шақырым су құбыры және кәріз желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде оның 8,31 шақырымы, яғни 94 пайызы аяқталған.

Электр желілерін жаңарту бойынша да тиісті жұмыстар атқарылуда. «Атырау Жарық» ЖШС-нің 715,4 шақырым электр желісін жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта оның 460,6 шақырымы немесе 64 пайызы жөнделді.

Бұдан бөлек, 8 қосалқы станция мен 70 трансформаторлық станцияда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта жауапты мекемелердің негізгі міндеті – инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның қысқы кезеңде тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жылыту маусымына уақытылы дайындау.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→