weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қаржы пирамидалары: Арал тұрғындарына маңызды ескерту жасалды

Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Арал ауданында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев жүргізді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қаржы пирамидалары: Арал тұрғындарына маңызды ескерту жасалды

Кездесуге Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатысып, қаржы пирамидаларының белгілері, алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері және күмәнді инвестициялық жобалардан сақтану жолдары туралы кеңінен түсіндірді.

Шара барысында тұрғындарға жеке қаражаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрлық алаяқтықтан қорғану және қаржылық шешім қабылдау кезінде сақтық шараларын сақтау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды.

Сондай-ақ заң бұзушылықтардың алдын алуда әр азаматтың жауапкершілігі мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеуге және заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда құзырлы органдарға дереу хабарласуға шақырылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→