weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мәскеуде 9 мамырда мобильді интернет толық өшіріледі

9 мамыр күні Мәскеуде мобильді интернет пен SMS қызметіне уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы Ресейдің Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Мәскеуде 9 мамырда мобильді интернет толық өшіріледі

Ведомство мәліметінше, шектеулер Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Сондай-ақ шектеулер кейбір онлайн-сервистердің жұмысына да әсер етуі мүмкін екені айтылды. Алайда министрлік 7–8 мамыр күндері астанада мобильді интернетті өшіру жоспарланбағанын мәлімдеді.

Бұған дейін Ресейдің байланыс операторлары Мәскеуде және бірқатар өңірде мобильді интернеттің жұмысында уақытша іркілістер болуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Еске салайық, соңғы күндері Ресейдің түрлі қалаларындағы қолданушылар мобильді қосымшалар, такси сервистері және өзге де онлайн-платформалардың жұмысында ақаулар болғанын хабарлаған еді. Шектеулер мерекелік іс-шараларға дайындық пен оларды өткізу кезеңіндегі қауіпсіздік шараларының күшеюімен байланыстырылады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→