weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«72 рет пышақ тығар едім»: Нұрай Серікбайға қатысты пікір қалдырған азамат кешірім сұрады

Шымкентте TikTok желісінде Нұрай Серікбай туралы «72 рет пышақ тығар едім» деген пікір қалдырған азамат анықталды. Ол өз сөзінің қате түсінілгенін айтып, Нұрай мен оның отбасынан көпшілік алдында кешірім сұрады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

«72 рет пышақ тығар едім»: Нұрай Серікбайға қатысты пікір қалдырған азамат кешірім сұрады

Полиция қызметкерлері пікір авторының жеке басын он сағатқа жетпейтін уақыт ішінде анықтаған. Оның Даурен есімді Шымкент тұрғыны екені белгілі болды.

Дауреннің айтуынша, «72 рет пышақ тығар едім» деген сөзі Нұрай Серікбайға арналмаған. Ол бұл пікірді қызға 36 рет пышақ салды деп күдікке ілінген адам туралы қойылған сұраққа жауап ретінде жазғанын мәлімдеді.

«Мен ешқашан қылмысты да, қылмыскерлерді де қолдаған емеспін және қолдамаймын. Егер сөзім Нұрай мен оның отбасына ауыр тиген болса, олардан шын жүректен кешірім сұраймын. Менде ешқандай жаман ниет болған жоқ», – деді Даурен.

Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан бұдан былай қарындасы мен олардың отбасына қатысты қорлайтын немесе арандатушылық сипаттағы пікірлердің барлығы тіркелетінін айтты. Оның сөзінше, заң бұзушылық белгілері анықталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жолданады.

Еске салайық, бұған дейін TikTok желісінде Нұрай Серікбайдың 36 жерінен пышақталғаны туралы видеоның астына пайдаланушы «72 рет пышақ тығар едім» деген пікір қалдырған болатын. Осыдан кейін отбасының адвокаты құқық қорғау органдарына ресми түрде жүгінген еді.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→