weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Мен ешкімді аңдымадым»: Нұрай Серікбай ісі бойынша айыпталушы сотта кешірім сұрады

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында айыпталушы Шерхан Аймахан өзіне тағылған айыптарды тағы да жоққа шығарып, марқұмды аңдымағанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол психикалық денсаулығына қатысты мәліметтерді айтып, жәбірленуші мен өз туыстарынан, сондай-ақ бүкіл қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Newsroom.kz

«Мен ешкімді аңдымадым»: Нұрай Серікбай ісі бойынша айыпталушы сотта кешірім сұрады
Фото: ашық дереккөз

Бүгін өткен сот отырысында Шерхан Аймахан өз сөзінде Нұрай Серікбайды әдейі аңдымағанын айтып, бұған дейін берген жауабын қайталады. Оның айтуынша, марқұммен араларында сезім болған және оған бірнеше рет қаржылай көмек көрсетіп, сыйлықтар жасаған.

Сотта айыпталушы психикалық денсаулығына қатысты да мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, 2019 жылы басынан алған жарақаттан кейін өзіне «обсессивті-компульсивті бұзылыс» диагнозы қойылып, біраз уақыт психиатриялық есепте тұрған. Сондай-ақ сол кезеңнен бері есте сақтау қабілеті мен психологиялық жай-күйінде қиындықтар болғанын жеткізді.

Шерхан Аймаханның айтуынша, ата-анасы оны түрлі мамандарға қаратып, емдетуге тырысқан. Ол Рудный қаласында психиатрдың бақылауында болғанын, кейін Алматы мен Қаскелеңде ем іздеп, тіпті халық емшілеріне де жүгінгенін айтты.

Сотталушы сөзінің соңында болған оқиға үшін өкініш білдіріп, Нұрай Серікбайдың жақындарынан, өзінің туыстарынан, сот залында отырған азаматтардан және бүкіл Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

Алайда іс материалдарына сәйкес, жүргізілген сот-психиатриялық сараптама Шерхан Аймаханды есі дұрыс және өз әрекетіне жауап бере алатын адам деп таныған.

Айта кетейік, бұл – сотталушының соттағы ұстанымы мен берген түсініктемесі. Оның кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді барлық дәлелдер мен тараптардың уәждерін зерттегеннен кейін сот қабылдайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→