weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 09:42 / Жасмина Нурлан / ЗжТ
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда треш-стримерлерге бақылау күшейді: 20 адам жауапқа тартылды

Қазақстанда тікелей эфир кезінде заң талаптарын бұзған азаматтарға қатысты шаралар жалғасуда. Полицияның мәліметінше, бүгінге дейін 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазақстанда треш-стримерлерге бақылау күшейді: 20 адам жауапқа тартылды
Фото: МВД РК

ІІМ мәліметінше, әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер барысында қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкент қаласында тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал Талдықорғанда дәл осындай құқық бұзушылықты қайталаған тұрғынға қатысты да әкімшілік шара қолданылды.

Түркістанда bayan_kyz, fatima.sh0000 және fatima_s003 лақап аттарымен танымал стримерге де айыппұл салынды. Оған тікелей эфирде былапыт сөз айтып, агрессивті әрекет көрсеткені себеп болған.

Павлодарда 26 жастағы блогер көлік тізгінінде отырып тікелей эфир жүргізген. Сонымен қатар ол қауіпсіздік белдігін тақпаған. Сот шешімімен блогер 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция әлеуметтік желідегі тікелей эфирлер кезінде де заң талаптарын сақтау міндетті екенін еске салды. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе жол қозғалысы ережелерін сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→