weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 13:08 / Жасмина Нурлан / ЗжТ
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада көлікте отырып дабыл тапаншасынан оқ атқан ер адам 10 тәулікке қамалды

Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған 29 жастағы тұрғын жауапқа тартылды. Ол автокөлік ішінде отырып, дабыл тапаншасынан екі рет аспанға оқ атып, құқық қорғау органдарының назарына ілікті.

Астанада көлікте отырып дабыл тапаншасынан оқ атқан ер адам 10 тәулікке қамалды
Фото: открытые источники

Астана қаласының полицейлері қоғамдық орында дабыл тапаншасын қолданған 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Тергеу барысында оның көлік салонында отырып, дабыл тапаншасынан екі рет ауаға оқ атқаны белгілі болды. Сонымен қатар құқық бұзушылық жасалған сәтте ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған.

Оқиғаға байланысты құқық бұзушыға қолданыстағы заңнамаға сәйкес бірнеше әкімшілік шара қолданылды. Ол қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ қаруды заңсыз сақтау және алып жүру фактісі бойынша жиналған материалдар сот қарауына жіберілді.

Бұдан бөлек, соттың шешімімен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген заңсыз әрекет заң аясында жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→