Ол аталған қашықтықты 2 минут 11,83 секундта жүгіріп өтіп, өзінің отандасы Ноа Нгениге тиесілі (2 минут 11,96 секунд) рекордты жаңартты. Бұл көрсеткіш 1999 жылдан бері өзгермеген еді.
Айта кетейік, 1000 метр қашықтығы Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының бағдарламасына кірмейді.
Еске салсақ, Эммануэль Ваньйони — 2024 жылғы Олимпиада чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионы. Ол бұл атақтарды 800 метр қашықтықта жеңіп алған.