weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ЖИ және цифрлық экономика: «Әділет» партиясында стратегиялық сессия өтті

«Әділет» партиясында мемлекеттік органдардың, IT-бизнестің, қаржы секторының және сарапшылар қоғамдастығының өкілдерін біріктірген «Цифрлық мемлекет.Тиімді институттар» тақырыбындағы сараптамалық сессия өтті,— деп хабарлайды newsroom.kz

ЖИ және цифрлық экономика: «Әділет» партиясында стратегиялық сессия өтті

Қатысушылар цифрлық экономиканы дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, мемлекеттік басқару ісін жетілдіру және отандық технологиялық компанияларды қолдау мәселелерін талқылады.

Кездесуді ашқан «Қазақтелеком» АҚ басшысы әрі партия Саяси кеңесінің мүшесі Бағдат Мусин мемлекет пен отандық IT-бизнес арасында өзара тиімді іс-қимыл орнамайынша, цифрлық экономика одан әрі дамымайтынын атап өтті. «Бүгінде ақпараттық технологиялар саласына қатысты ең негізгі тапсырыс берушілердің бірі – мемлекет.

Сондықтан IT-компаниялармен өзара іс-қимыл барысы түсінікті ережелерге, ашық рәсімдерге және болжамды шарттарға негізделуі аса маңызды», – деді ол. Тақырыпты жалғастырған Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин цифрлық мемлекеттің заңнамалық базасын дамыту, жасанды интеллект инфрақұрылымын қалыптастыру және жаңа экономикаға қажет мамандар даярлау мәселелері туралы баяндады.

Нарық өкілдері практикалық ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, «Halyk Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев цифрлық мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін кеңейтуді және мемлекеттік цифрлық сервистерді әзірлеу ісіне бизнесті белсенді түрде тартуды ұсынды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→