weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 маусым, 2026 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойыла ма?

Балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойыла ма? Қазақстан өзге елдердің тәжірибесін қарастыруда, – деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойыла ма?

16 жасқа дейінгі балалардың онлайн-платформаларға тіркелуін шектеуге қатысты тетіктер әзірленіп жатыр.  Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. Бұл мәселе қазір мемлекеттік органдар мен онлайн-платформалар өкілдерінің қатысуымен талқыланып жатыр.

Халықаралық тәжірибе ескеріліп, заң талаптарын жүзеге асыруға қажетті техникалық және ұйымдастырушылық шешімдер әзірленуде. Оның ішінде пайдаланушылардың жасын анықтау, деректерін растау және басқа да қажетті тетіктер қарастырылған.

Сонымен қатар, Үкіметтің қарауындағы заң жобасында жедел хабар алмасу сервистерінен басқа онлайн-платформаларда 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеуге шектеу енгізу ұсынылған. Министрлік мұның басты мақсаты – балаларды интернеттегі қауіп-қатерден қорғау екенін айтты.

Мұндай тәжірибе басқа елдерде де бар. Мысалы, Ұлыбританияда 16 жасқа толмағандардың Snapchat, TikTok, YouTube, Instagram, Facebook және X әлеуметтік желілерін пайдалануына шектеу енгізу жоспарланып отыр. Бұл талап 2027 жылдың көктемінде күшіне енеді деп күтілуде.

Ал Малайзияда 1 маусымнан бастап 16 жасқа толмаған балаларға жеке әлеуметтік желі аккаунтын ашуға тыйым салатын жаңа ереже күшіне енді.

Қазір бұл бастама талқылану кезеңінде. Егер заң жобасы қабылданса, Қазақстанда да 16 жасқа дейінгі балалардың онлайн-платформаларға тіркелу тәртібі өзгеруі мүмкін.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→