weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 маусым, 2026 / Перизат Ілес / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жаңақорған мен Шиеліде жаңғыртылған теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді

Бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарында қайта жаңғыртылған теміржол вокзалдары салтанатты түрде пайдалануға берілді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Жаңақорған мен Шиеліде жаңғыртылған теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді

Жаңақорған вокзалы 1 млрд теңгеден астам қаржыға қайта жаңғыртылып, тәулігіне 121 жолаушыға қызмет көрсетуге бейімделсе, аумағы 9 474 шаршы метр болатын Шиелі вокзалына 836 млн теңгеден астам қаржы жұмсалып, тәулігіне 200 жолаушыны қабылдайтын заманауи нысанға айналды. Екі вокзалда да қасбет пен іргетас жаңартылып, шатыр, есік-терезелер ауыстырылды, инженерлік желілер мен жылу жүйесі жаңаланып, перрон аумақтары абаттандырылды.

Салтанатты рәсімде облыс әкімі Мұрат Ергешбаев жаңғыртылған вокзалдардың тұрғындар мен жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасап, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін беретінін атап өтті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→