Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

25 жерден тістелген: Қызылорда облысындағы балабақшадан шу шықты

Facebook әлеуметтік желісінде Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы балабақшалардың бірінде 1,5 жасар сәби бірнеше жерден тістелгені туралы ақпарат тарады. Аталған жайтқа құзырлы органдап пікір білдірді, деп жазады newsroom.kz порталы.

25 жерден тістелген: Қызылорда облысындағы балабақшадан шу шықты
Фото: ашық дереккөзден

But.kz дерегінше, Facebook әлеуметтік желісіндегі "Қазақтың Аружаны" нигімен тіркелген қолданушы жазба жариялап, онда Шиелідегі балабақшалардың бірінде сұмдық жайт болғанын хабарлады. Сөзінше, тәрбиеленушілердің бірін екінші бір бала 25 жерден тістеп, жарақаттаған. Сорақысы, дәл сол уақытта тәрбиешінің көмекшісі орнында болмаған, одан бөлек бейнекамера да істемеген, дейді қолданушы.

"Шиелі ауданындағы балабақшада болған жағдайды ата-анасы жаңа ғана жіберді. Тәрбиешінің жауапсыздығынан болып отыр бұл жағдай."Тәрбиеші көмекшісі сыртқа горшок төгуге кетіп, балалар жалғыз қалады, сол уақытта орын алған жағдай", - депті балабақша басшылығы. 1,5 жасар қызды 1 жас 3 айдан асқан бала тістеді депті. Кіттай ғана баланың 25 рет жалғыз өзі тістеп, осындай залал әкелуі қисынға соқпайды. Ана кіттай қыз қашып кете алмайтындай болып тұр ғой. Демек кемі 3-5 бала жабылып тістеген. Сағат 12:00 де болған бұл сорақылықты кешке дейін ата-анасына айтпау, алғашқы медициналық көмек көрсетпеу үшін қаншалықты жауыз болу керек? Видеокамера болғанымен аяқ асты ашпай, істемей қалыпты. Істемейтін камера неге керек?", - деп жазады қолданушы.

Сондай-ақ ол балаларды жалғыз қалдырған кезде неге тәрбиеші орнында болмағанын деген сауа тастайды. 

"Осы жағдай орын алғанда тәрбиешінің өзі қайда? Көмекші неге тастап кетеді баланы? Негізі заң бойынша балаға тәрбиеші қарау керек, көмекші емес. Бұл 1-2 минутта орын алған жағдай емес, кемі жарты сағат уақыт алған. Сонда шырқырап жылаған балаға бір адамның келіп қарамағаны ма?", - дейді ол.

Бұл оқиғаға қатысты Шиелі аудандық білім бөлімі пікір білдірген.

"Жағдайға байланысты Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің 2025 жылдың 30 сәуірі №32 бұйрығына сәйкес зерделеу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Топ тәрбиешісі және тәрбиешінің көмекшісін жұмыстан шеттету бойынша ұсыныс берілді. Аталған мәселе Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің қатаң бақылауында болатынын хабарлайды", - делінген ведомство түсініктемесінде.

Желі қолданушысының астына аудандық полиция бөлімінің өкілдері де оқиға жөнінде түсінік бере кеткен.

"Аталған дерек бойынша балабақша тәрбиешісіне кәмелетке толмаған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін шара қолданылды. Сонымен бірге Қызылорда облысының білім басқармасына тиісті ұсыныс жолданды. Қазіргі таңда полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері профилактикалық бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген онда.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату