weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 10:40 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бейжіңде шағын ұшақ 109 қабатты ғимаратқа барып соғылды

Бейжіңде шағын ұшақ қаладағы ең биік ғимарат – 109 қабатты China Zun зәулім ғимаратына соғылды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Бейжіңде шағын ұшақ 109 қабатты ғимаратқа барып соғылды

CNN телеарнасының хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа ұшыраған әуе кемесі жергілікті авиакомпанияға тиесілі Sunward SA 60L Aurora жеңіл спорттық ұшағы болған.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ұшақтың бөлшектерінің биіктен құлап жатқанын көруге болады. Ғимарат маңынан ұшақтың құйрық бөлігі табылған.

Оқиғадан кейін зәулім ғимараттағы адамдар шұғыл түрде эвакуацияланып, көшеге шығарылды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жетті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→