Сонымен қатар интернетті 50 туристік нысанға қосу жұмыстары жалғасып жатыр.
Теміржол саласында да интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде 50 теміржол бағыты бойынша қатынайтын 124 пойыздың құрамындағы 1500 вагон интернетке қосылған.
Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанның 370 ауылында интернет қолжетімді. Биыл тағы 1600 елді мекенді интернетпен қамту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар «Батыс – Шығыс» гипермагистралі бойынша жұмыстар жалғасуда. Жалпы ұзындығы 4511 шақырым болатын желінің жартысы тартылған. Оны жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
2027 жылы облыстық және республикалық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды байланыспен қамту көзделіп отыр. Бұл үшін 500-ден астам антенно-діңгектік құрылым орнату жоспарланған.