weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қырғызстан Өзбекстанға 21 тонна қарбызды кері қайтарды

28 мамыр күні «Достук» бақылау-өткізу бекетінде Өсімдіктерді химияландыру, қорғау және карантин департаментінің инспекторлары фитосанитарлық бақылау барысында Өзбекстан Республикасынан жеткізілген 21 тонна қарбыз партиясын тексерді. Бұл туралы Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қырғызстан Өзбекстанға 21 тонна қарбызды кері қайтарды

Ведомство мәліметінше, карантиндік өнім қаптамасында міндетті таңбалаудың жоқ екені анықталған. Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың фитосанитарлық карантин талаптарын бұзу болып саналады.

Нәтижесінде жүктің Қырғыз Республикасы аумағына кіруіне тыйым салынып, өнім заңнама талаптарына сәйкес кері қайтарылды.

Өсімдіктерді химияландыру, қорғау және карантин департаменті елдің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және карантиндік зиянкестердің енуіне жол бермеу мақсатында тұрақты түрде бақылау шараларын жүргізіп келеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→