weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ғалымдар дабыл қақты: Каспий теңізі тартылуда

Каспий теңізі тартылуын жалғастырып жатыр. Бұл жағдай экологияға, кеме қатынасына және балық шаруашылығына қазірдің өзінде әсер ете бастады,— деп хабарлайды newsroom.kz

Ғалымдар дабыл қақты: Каспий теңізі тартылуда

Зерттеушілердің мәліметінше, әлемдегі ең ірі тұйық су айдынының деңгейі 1990-жылдардан бері төмендеп келеді. Кейбір экологиялық болжамдарға сәйкес, осы ғасырдың соңына дейін теңіз деңгейі тағы 21 метрге дейін төмендеуі мүмкін.

DW басылымына берген сұхбатында Саймон Гудман мұндай өзгеріс Каспий маңындағы елдердің экожүйесі мен экономикасына ауыр әсер етуі ықтимал екенін айтты.

«Осы ғасырдың қалған кезеңіне жасалған болжамдар су деңгейінің төмендеуі климаттың өзгеруімен тікелей байланысты екенін көрсетеді», – деді британдық ғалым.

Мамандар бұл жағдайды бірнеше фактормен байланыстырады. Атап айтқанда, өзен ағысын реттеу, әсіресе Волга өзенінің суының азаюы және климаттың өзгеруі әсер етіп отыр. Ауа температурасының көтерілуі судың булануын күшейтсе, жауын-шашын мен өзендер арқылы келетін су көлемі азайып барады. Соның салдарынан Каспийге келетін судан жоғалатын су мөлшері артып кеткен.

Салдары қазірдің өзінде теңіздің солтүстік бөлігінде Қазақстан мен Ресей  жағалауларында байқалуда. Су тайызданғандықтан, порттарда кеме қатынасы қиындап, балық шаруашылығының табысы азайып келеді. Ғалымдар жануарлардың мекен ету аймақтары жойылып жатқанын да айтуда.

Зерттеушілердің пікірінше, Каспий теңізі ішінара Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін. Мамандар Каспий маңындағы мемлекеттер бірлесіп әрекет етпесе, экологиялық әрі әлеуметтік мәселелер одан әрі күрделене түсетінін ескертті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→