weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
16 мамыр, 2026 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әлемдегі ең қымбат көліктер: Құны неге жоғары?

Автокөлік әлемінде бағасы қарапайым үймен емес, тұтас сараймен тең келетін ерекше көліктер  бар. Мұндай көліктер тек жылдамдықпен емес, эксклюзивті дизайнымен, сирек шығарылымымен және сән-салтанатымен ерекшеленеді. Әлем бойынша бағасы жоғары көліктерді назарға ұсынамыз,— деп хабарлайды newsroom.kz

Әлемдегі ең қымбат көліктер: Құны неге жоғары?

Rolls‑Royce Boat Tail — шамамен 28 миллион доллар

Бұл көлік — нағыз өнер туындысы. Әлемде небәрі үш дана ғана шығарылған. Көліктің артқы бөлігі яхтаның палубасына ұқсатып жасалған. Ішінде арнайы тоңазытқыш, қымбат ыдыстар және сәнді аксессуарлар бар. Rolls-Royce бұл модельді бай коллекционерлердің арнайы тапсырысы бойынша жасаған.

Bugatti La Voiture Noire — шамамен 18–19 миллион доллар

Француздың атақты Bugatti компаниясы шығарған бұл гиперкар әлемдегі ең әдемі көліктердің бірі саналады. 1500 ат күшіне ие көлік 400 км/сағ жылдамдыққа жақындай алады. Ең басты ерекшелігі — ол жалғыз дана болып жасалған.

Pagani Zonda HP Barchetta — шамамен 17 миллион доллар

Италиялық Pagani компаниясының бұл моделі ерекше дизайнымен танымал. Көліктің артқы дөңгелектері жартылай жабық болып келеді. Әлемде өте аз данамен шығарылғандықтан, бағасы да өте жоғары.

Rolls‑Royce Sweptail — шамамен 13 миллион доллар

Бұл көлік бір бай клиенттің жеке тапсырысымен жасалған. Дизайны классикалық яхта мен жеке ұшақ стилінен шабыт алған. Ішкі әрлеуінде ағаш пен қолмен жасалған элементтер кең қолданылған.

Bugatti Centodieci — шамамен 9 миллион доллар

Бұл модель 1990-жылдардағы аңызға айналған Bugatti EB110 көлігіне құрмет ретінде шығарылған. Бар болғаны 10 дана ғана жасалған. Қозғалтқыш қуаты — 1600 ат күші.

Неліктен бұл көліктердің құны жоғары?

Мұндай машиналардың бағасына бірнеше фактор әсер етеді:

• өте аз данамен шығарылуы;

• қолмен жасалатын эксклюзивті дизайн;

• қымбат материалдар қолданылуы;

• жоғары технология мен қуатты қозғалтқыштар;

• коллекциялық құндылығы.

Айта кетелік, 2025 жылдың басынан бері 207 616 жаңа автокөлік сатылған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,6%-ға артық көрсеткіш. Нәтижесінде, биылғы жыл Қазақстандағы ресми автокөлік нарығы тарихындағы ең табысты жыл болды.

Былтыр қараша айында қазақстандықтар ең көп Chevrolet маркалы көліктерді сатып алған — 7 777 дана. Одан кейін Hyundai көліктері — 5 261 дана. Сондай-ақ ең танымал  бренд қатарына Kia (1 990), Jetour (1 326) және Toyota (1 252) кірді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→