weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Айлығы жетпеген депутат әйелін жұмысқа шығармақ

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек депутат жалақысы өзіне жетпейтінін айтты. Осыған байланысты ол жұбайынан жұмысқа шығуын сұрағанын мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Айлығы жетпеген депутат әйелін жұмысқа шығармақ

Бүгін журналистер Базарбектен қазіргі депутаттардың жалақысы жеткілікті ме деп сұраған.

«Қазіргі жалақы ешқашан жеткілікті болмайды. Өздеріңіз қараңыздаршы: 500, 700, 800 мың — кімге жетеді? Әсіресе отбасында 5–6 бала болса. Біздің кейбір депутаттардың да 5–6 баласы бар», — деді мәжілісмен.

Оның айтуынша, табыстың едәуір бөлігі күнделікті тұрмыстық шығындарға, балабақша мен түрлі үйірмелердің ақысын төлеуге кетеді.

«Баланы балабақшаға беру, қандай да бір секцияларға қатыстыру, киіндіру, аяқ киімін алу — соның өзіне 300 мың теңге кетеді. Ал азық-түлік бағасы қымбаттап жатқанын ескерсек, бір миллион теңге де жетпейді», — деді депутат.

Сондай-ақ Базарбек өзі «900 мыңнан сәл асатын» жалақы алатынын айтты.

«Жеке өзіме жетпейді. Сондықтан жұбайымнан да жұмыс істеуін сұрадым, болды», — деп қосты ол.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→