1 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстан халқының саны 20 547 909 адамды құраған.
«10 044 673 — дәл осынша ер азамат, әке мен аға-бауыр ертең Отан қорғаушылар күніне арналған жылы лебіздер мен шынайы құттықтаулар қабылдайды», — деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы 6 мамыр күні.
Ерлердің жас ерекшелігіне қарай үлесі:
• 0–15 жас — 30,2%;
• 16–60 жас — 56,5%;
• 61 жас және одан жоғары — 13,3%.
Ер адамдар ең көп тұратын өңірлер:
• Алматы — 1,1 млн;
• Түркістан облысы — 1,1 млн;
• Алматы облысы — 806,5 мың;
• Астана — 785,4 мың.
Статистикаға сәйкес, Қазақстандағы ерлердің орташа жасы — 31,1 жас, ал ер азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 72,19 жыл.
2025 жылғы деректер бойынша:
• жұмыспен қамтылған халық арасындағы ерлердің үлесі — 51,6% (4,8 млн адам);
• жалдамалы қызметкерлер арасындағы үлесі — 50,6%;
• өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасындағы үлесі — 55,1%.
Салалар бойынша жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі:
• өнеркәсіп — 16,5%;
• көтерме сауда — 14%;
• ауыл шаруашылығы — 12,4%;
• көлік және қоймалау саласы — 11,1%.
Бюро мәліметінше, жеке кәсіпкерлер арасындағы ерлердің үлесі 54,7%-ды құрайды. Ал жұмыспен қамтылған ер азаматтардың ең көбі 35–44 жас аралығында — 1,4 млн адам.
«2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда ең танымал ер бала есімі — Алан болды. Бұл есім 817 балаға қойылған. Одан кейін Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері тұр», — деп қорытындылады бюро.