Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақ балаларын Қытай бақшасындағыдай еңбекке баули бастамақ

Қазақстанда 2025–2026 оқу жылында жаңа пилоттық жоба іске қосылады. Білім министрлігі мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын жаңарту мақсатында «Ерте жастан еңбекке баулу» жобасын бастайтынын хабарлады.

Қазақ балаларын Қытай бақшасындағыдай еңбекке баули бастамақ
Фото: xinhuanet.com

Жоба 4–5 жастағы балаларға арналған. Ел бойынша 100 балабақша қатысады. Оның 62-сі мемлекеттік, 38-і жеке ұйым.

Министрліктің мәліметінше, бастама балаларға еңбекке құрметпен қарау, жауапкершілік пен табандылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Жоба мазмұны жас ерекшеліктеріне сай әзірленген. Күн сайын ойын және тәжірибелік сабақтарда балалар түрлі мамандықпен танысып, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді.

Ведомство өкілдері бұл бастама балалардың еңбекке қызығушылығын арттырып, ұжымда жұмыс істеуді үйрететінін, болашақта саналы мамандық таңдауға алғашқы қадам болатынын айтады.

Айта кетейік, 2022 жылы вице-премьер Ералы Тоғжанов мектептерде «Еңбекке баулу» пәні енгізілетінін мәлімдеген еді. Сондай-ақ мектептерде жылыжай ашу және жетінші сыныптан бастап кәсіби бағдар беретін педагогтарды тарту жоспарланған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату