weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ауғанстандағы су тасқыны: Ауылшаруашылығы қиын жағдайда

Ауғанстанның әртүрлі аймақтарында болған жойқын су тасқындары адам өліміне әкеліп, ауыл шаруашылығы алқаптары мен халықтың мүлкіне айтарлықтай зиян келтірді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Ауғанстандағы су тасқыны: Ауылшаруашылығы қиын жағдайда

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқарма су тасқындарының салдарынан қазіргі таңда 3340 гектардан астам ауыл шаруашылығы жері жойылғанын мәлімдеді.

Билік деректеріне сәйкес, ең ауыр зардап Бағлан, Бадахшан, Тахар, Нангархар және Саманган провинцияларында тіркелген. Бұл туралы TOLOnews хабарлады.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Мохаммад Юсуф Хамадтың айтуынша, жалпы алғанда су тасқындарынан 7504 отбасы зардап шеккен.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы басшысы Ричард Тренчард бұл жерлер Пули-Хумри қаласын азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Сондықтан олардың жойылуы өңірдің экономикалық және азық-түлік жағдайына елеулі әсер еткен.

Сонымен қатар көптеген үйлер толық немесе жартылай қирап, су тасқыны салдарынан мал шығыны да көп болғаны хабарланды.

Ауғанстанның түрлі аймақтарында жыл сайын болатын маусымдық су тасқындары фермерлер мен мал шаруашылығына зиян келтіреді. Бұл жағдай көбіне климаттың өзгеруі, су ресурстарын тиімді басқарудың болмауы және инфрақұрылымның жеткіліксіздігімен байланысты.

БҰҰ Даму бағдарламасы қараша айында жариялаған есепке сәйкес, 2025 жылы жер сілкіністері, су тасқындары және құрғақшылық салдарынан Ауғанстанда шамамен 8 мың үй қираған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→