weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 18:57 / Перизат Ілес / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда сұлулық салондар қымбаттады: Баға қанша пайызға өсті?

Қазақстандағы шаштараздар мен сұлулық салондары нарығы соңғы жылдары қарқынды өсім көрсетіп келеді. Секторда көрсетілген қызметтердің көлемі 2018 жылғы 28,4 млрд теңгеден 2025 жылы (қаңтар–желтоқсан айлары бойынша алдын ала деректер) 138,7 млрд теңгеге дейін артқан,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда сұлулық салондар қымбаттады: Баға қанша пайызға өсті?

Әсіресе соңғы екі жылда айтарлықтай өсім байқалады: егер 2022 жылы бұл көрсеткіш 34,6 млрд теңге болса, 2023 жылы 62,3 млрд теңгеге дейін көбейген, ал 2024 жылы өсім жалғасып, 67 млрд теңгені құраған.

Осыған қарамастан, ауылдық жерлердегі қызмет көрсету деңгейі әлі де төмен болып отыр. Шаштараздар мен сұлулық салондары көрсеткен қызмет көлемі 1,7 млрд теңгеден 5,6 млрд теңгеге дейін өскенімен, ауылдық жерлердің үлесі әр жылдары 4–7,6% аралығында ғана болған. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 4,1%-ға дейін төмендеген, бұл саланың негізінен қалаларда шоғырланғанын көрсетеді.

Шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтерінің көлемінің артуы көбіне бағаның қымбаттауымен байланысты. Бұл саладағы қызмет бағасы тоқтаусыз өсіп келеді. Бағалар қатарынан 51 ай бойы үздіксіз көтеріліп, бақылау басталғалы бері бірде-бір рет төмендемеген. 2026 жылғы ақпанда шаштараздар мен сұлулық салондары қызметінің құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға жоғары болды. Сонымен қатар, сектордағы қызмет түрлерінің басым бөлігі қымбаттаған.

Өңірлер бойынша 2026 жылғы ақпан айының қорытындысында бағаның ең жоғары өсімі Атырау облысында (27%), Алматы облысында (24,9%), Ақтөбе облысында (23,5%), сондай-ақ Алматы қаласында (26,7%) тіркелді. Ал ең төменгі баға өсімі Ақмола облысында (2,5%) және Қызылорда облысында (4,6%) байқалды.

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→