weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Роналдудың ұшағы Сауд Арабиясынан шұғыл ұшып шықты

Аймақтағы шиеленіс күшейген тұста португалиялық шабуылшы, Криштиану Роналду иелік ететін жеке ұшақ Эр-Риядтан шұғыл түрде ұшып кеткені хабарланды.

Роналдудың ұшағы Сауд Арабиясынан шұғыл ұшып шықты
Фото: fanday

Daily Mail басылымының мәліметінше, әуе кемесі Испания астанасы Мадридке бағыт алған. Бортта кімдердің болғаны нақтыланбады. Ұшақтың көтерілуі Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне жасалған дрон шабуылынан кейін бірнеше сағат өткен соң тіркелген.

Қазір Роналду Сауд Арабиясының Al-Nassr FC клубында өнер көрсетеді. Оның иелігіндегі Bombardier Global Express 6500 бизнес-джетінің құны шамамен 45 миллиард теңгеге бағаланады.

Аймақтағы қауіпсіздік ахуалына байланысты ресми органдар тарапынан әзірге қосымша мәлімет берілген жоқ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→